jasqazaq.kz

Алтай Көлгінов: Әлеуметтік төлемнің теріс әсері бар

10 мамыр 2023, 15:12

Әр балаға шартсыз жәрдемақы енгізу әлеуметтік тәуелділікке алып келеді. Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов осылай жауап берді.
«Әлеуметтік кодекс аясында халықтың орташа табысы негізінде кедейлік шегінің мөлшерін есептеу ұсынылады. Ол әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер етеді. Қазақстанда мұндай әдістемені енгізу 2025 жылдан бастап жоспарлануда. Бұл іс-шара аз қамтылған халыққа әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсер етеді деп санаймыз», — деп атап өтеді вице-премьер жауабында.

А.Көлгінов 2019 жылғы атаулы әлеуметтік төлемді әрбір балаға белгіленген төлем енгізу тәжірибесі теріс әсер еткеніне тоқталды.
«Атап айтқанда, жалған ажырасулардың өсуіне, алимент мөлшерінің төмендеуіне, ата-ана міндеттемелерін орындаудан жалтаруға, жұмысқа орналасудан бас тартуға, аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасылардың өсуіне және тағы басқаларына ықпал етті. Осыған байланысты, әрбір балаға шартсыз балалар жәрдемақысын енгізу едәуір бюджет шығындарына және де әлеуметтік тәуелділікке алып келеді. Бұл Мемлекет басшысының шынымен мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және өз отбасы үшін жауапкершілігін арттыру бөлігіндегі тапсырмасына қайшы», — деді Алтай Көлгінов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі