jasqazaq.kz

Алтай Досымбаев: Жүйесін тапсаң, жұмыс бар

10 мамыр 2023, 11:48

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы — атына заты сай, көктем келсе тіршілік жанданып, егістік маңы қызу жұмысқа айналатын аймақ. Сондықтан осы өңірдің әлеуеті, халықтың жұмыспен қамтылуы қалай жүзеге асырылып жатқаны кімді де болса қызықтырады. Осы орайда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Алтай Досымбаев өңірлік коммуникация қызметі ұйымдастырған кездесуде біраз сауалға жауап берді.

— Алтай Мәшікұлы, көктем мен жаз маусымы кезінде екі қолға бір күрек іздеген адам Еңбекшіқазақ ауданын жағалайды. Бүгінде аудандағы жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?

— Біздің ауданда аяқ-қолы сау адамдардың «жұмыс жоқ» деп айтуы мүмкін емес. Жұмыс істеймін деген адамға әрдайым айналысатын кәсіп бар. Аудандағы кәсіпкерлермен кездескенде, олар механизатор, егістікті суғаратын мамандардың жетіспейтінін айтады. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар жобалар іске асып, аудан тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады. Биыл пилоттық жоба шеңберінде 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін несие беру көзделіп отыр. Бұл жоба бойынша қатысушылар өздерінің кәсібін ашуға мемлекеттен қаржы ала алады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша аудан тұрғындары өз кәсібін ашуға арнайы несие ала алады. Бүгінде 400-ге тарта тұрғын осы жоба аясында жеке кәсібін ашуға өтінім беріп отыр. Бұл жоба бойынша 56 өтініш мақұлданып, алдағы уақытта осы адамдар жеке кәсібін жүргізуге кіріседі.

— Ауданның басты драйвері — ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы. Осы ретте халықтың кірісін арттыру бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

— Біздің ауданымыздың ауыл шаруашылығы — халықтың жұмыспен қамтылған ең ірі секторы. Бұл салада қызмет көрсететін 10 554 ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші тіркелген. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары — 9928, ауыл шаруашылығы құрылымдары – 526. Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға «Кең дала» бағдарламасы аясында 21 шаруашылық 201 миллион теңге қаржы алды. Аудандағы жеміс бақтарының көлемі 6882 гектарды құрап отыр. Биыл 1182 гектар алма бағы ұлғайтылған болатын. Оның ішінде 2282 гектары — интенсивті бақтар. Бүгінде ауданымызда 181 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. 6 балық шаруашылығы бар. Халықтың табысын арттыруда биыл ауыл шаруашылығы саласында 10 жобаны іске асырылмақ. Жобаның жалпы құны — 8,5 млрд теңге. Соған орай 135 адам адам қосымша жұмыспен қамтылмақшы.

— Еңбекшіқазақ ауданында үш ауысымда білім беретін мектептер бар. Бұл ретте мұғалім жетіспеуі мүмкін. Бұл мәселе қалай шешіледі?

— Балаларға сапалы білім беру мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 5 мектеп салынады. Келесі жылға 10 мектеп салу жоспарда бар. Бүгінде 1500 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Есік қаласы мен Төле би ауылында 450 орындық екі мектеп салынуда. Бұл да жұмыссыздық мәселесін шешуге сеп.

Дайындаған Мақпал Ноғайбаева,
Алматы облысы

29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс