Димаш Құдайбергеновтың PR-менеджері Алпамыс Шаримов «Таңшолпанға» сұхбат берді. Көрермендер тарапынан ең көп қойылған сұрақ: «Димаштың келісімшарт бойынша Қытайда қалатыны рас па?». «Мұның нүктесін бірден қойып тастайық. Бұл — жалған әңгіме. Қазақтың жерінде дүниеге келіп, қазақтың киімін киіп жүрген, қара домбырасын тартып, «Дайдидауын» шырқап жүрген әнші қалай өзге елде өмір сүреді?! Бірақ, Димаш – әлем әншісі. Қазақ әнін насихаттау үшін шетелде көп еңбектенетін болады. Бүгінде көп мемлекеттерден, әлемдік компаниялардан ұсыныстар түсіп жатыр. Ал, келісімшарттармен әкесі Қанат Айтбевпен бірге айналысатын боламыз», дейді ол.