Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 28 нысан бұзылды

25 сәуiр, 11:44

Мегаполисте құрылысқа, әсіресе таулы аймақтағы құрылысқа бақылауды күшейту жұмыстары жалғасып жатыр.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері құрылыс нысандарына 377 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның 211-не заңбұзушылықтарды жоюға ұйғарым берілді. Ал 2023 жылы 1074 тексеру жүргізіліп, 634 нұсқама берілген.

«Былтыр сотқа құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 206 талап арыз жіберіліп, оның 100-і бойынша талқылаулар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін қала әкімі таулы жерде заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған еді. Сотқа заңсыз нысан бойынша 45 талап-арыз берілді. Соның 36-сы бойынша бүгінгі күнге басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды.

«Өткен жылдан бері 28 заңсыз нысан, оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, жапсарма құрылыс пен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» мен «KHAN» сияқты ірі тұрғын үй кешендері бұзылды», — деп атап өтті басқармадан.

Бұдан өзге қала басшысының бастамасымен заңнамаға инспекциялау шеңберінде құрылыс жұмысын тоқтата тұру мүмкіндігімен құрылыс кезінде бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретін «жедел ден қою шарасы» жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша түзетулер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айында қала мәслихаты әкімдіктің бастамасымен аумақтың функционалдық аймақтарын салудың қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізді. Ол өзгеріс беткейлері 15 градустан асатын учаскелерде құрылысқа тыйым салуды көздейді.

Қабылданған өзгерістер Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында және егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларында көрініс тапты.

Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша оған қала тұрғындарының, сарапшылардың бірқатар ұсынысы енгізілді. Олардың бірі — тау бөктеріндегі 4270 гектардан астам жерді рекреациялық аймаққа ауыстыру.

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметі бойынша, тау бөктеріндегі жерде объектілерді жобалауға азаматтардың өтініші негізінде сол аймақтағы топырақтың инженерлік-геологиялық дерегі беріледі. 2022 жылы 36 нысанның құрылысына рұқсат берілмесе, өткен жылы – 89, ал биыл – 32.

«Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін құрылыс кодексіне қала құрылысын бақылау органдарының өкілеттіктерін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізіледі. Бұл жерде жеке тұрғын үйлердің құрылысын тексеруге рұқсат беру туралы айтылып отыр. Өйткені кейбір құрылыс салушылар тау бөктерінде жеке тұрғын үй құрылысының орнына көп қабатты үй тұрғызады», — деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы Алматыда құрылыс саласында тәртіп орнату бойынша кешенді жұмыс жалғасады.

inform.kz

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді