jasqazaq.kz

Алматының «GEO-ANALYTICS.KZ» платформасы Оңтүстік Кореяда қола жүлдені иеленді

27 қыркүйек 2023, 15:17

«Ақылды қала» сыйлығы-биыл алғаш рет өткен жаңа халықаралық байқау. Оны Сеул Үкіметі (Seoul Metropolitan Government) және Дүниежүзілік ақылды тұрақты қалалар ұйымы (WeGO) жаңа технологияларды енгізуде мегаполистерді ынталандыру мақсатында бекіткен болатын.


Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы «GEO-ANALYTICS.KZ» инновациялық жобасы үшін Tech-InnovaCity номинациясы бойынша сыйлықтың қола жүлдегері атанды. Веллингтон (Жаңа Зеландия) алтын, Мадрид (Испания) және Лос-Анджелес (АҚШ) осы номинацияда күміс жүлдені алды.
Байқауға 240 өтінім келіп түсті: инновациялық шешімдерді ұсынған қалалар ғана емес, сонымен қатар бірегей технологиялық өнімдерді әзірлеген жеке компаниялар да қатысты. Қазылар алқасы жобаларды үш номинация бойынша бағалады, олар: Tech-Innovaciy, Human-CentriCity және LLeadership.


«Ақылды қала» сыйлығы Сеул басқаратын WeGO халықаралық қауымдастығының қолдауымен өтеді. WeGO 160 қаланы, 37-ден астам жоғары технологиялық компанияларды және қалалық процестерді автоматтандыру үшін инновацияларды дамытуға және жасанды интеллектті енгізуге бағытталған 18 халықаралық зерттеу ұйымдарын біріктіреді. Ұйымда Қазақстан атынан Алматы мен Астана қатысады. WeGO-мен ынтымақтастық «ақылды қалалар» саласындағы үздік тәжірибелер және стандарттармен өзара алмасу үшін халықаралық платформаға қосылуға мүмкіндік береді. Ұйымның Алматыда неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өңірлік кеңсесін ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Айта кетейік, Алматының «GEO-ANALYTICS.KZ» платформасы өзгерістер тарихын сақтай отырып, нақты уақыт режимінде түрлі деректерді біріктіруге қабілетті. Платформа 2020 жылы Covid-19 пандемиясы кезінде құрылып, қалалық қызметтердің тиімділігін арттыруға ықпал етті. Әрі ең осал аймақтарды қадағалады және вирустың ықтимал таралу бағыттарын болжады. Қазір «GEO-ANALYTICS.KZ» қалалық деректерді талдаудың әмбебап құралына айналды. Барлық келіп түскен ақпаратты өңдей отырып, жүйе мектептердің, ХҚКО-лардың, балабақшалардың нақты қай жерде жетіспейтінін көрсете алады, жол инфрақұрылымы жүктемсіне баға береді, атаулы көмек көрсету үшін шағын және орта бизнестің белсенділігін бақылайды. Платформа талдауы бюджетті тиімді жоспарлауға, қалалық қызметтердің жұмысын оңтайландыруға және өзгерістерге жедел жауап беруге мүмкіндік беретін деперсонифицирленген деректерді жинайды.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Бүгін, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее