jasqazaq.kz

Алматының автобусында жүру қауіпті ме? Үш адам жүргізушіні аямай соққыға жықты

20 қыркүйек 2024, 14:38

Кеше кешке Алматыда жолаушылар автобусында жаға ұстатарлық оқиға болды. Үш ер адам аяқ астынан бір жолаушыны тепкінің астына алады. Содан кейін қолына түскендерді төмпештей бастаған. Біреуі тіпті әйел адамды ұруға ұмтылған, бірақ үлгермепті.

Айқай-шудан құлағы тұнған жүргізуші автобусты тоқтатып, бұзақыларды тыныштандырмақ болады. Бірақ аналар одан сайын еліріп, жүргізушіге тап берген. Біреуі оны тұншықтырып, асфальтқа алып соққан. Қалған екеуі бастан теуіп жатқанда, үшіншісі көмекке ұмтылғандарды жібермей тұрған.

Жүргізуші есінен танып қалғанда, әлгі үшеу зытып отырған. Біраз уақыттан кейін жүргізуші есін жинап, бетін жуады да, автобусты айдап кете береді.

Осы оқиғаның бейнежазбасын Qumash Телеграм-каналы жариялады. Әзірге қалалық полиция департаменті үнсіз.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі