jasqazaq.kz

Алматының Ақжарында су мәселесі жуық арада шешіледі

11 мамыр 2023, 13:15

Маусым айында Алатау даңғылының бойынан магистралды су құбыры мен каскадты насос станциясының құрылысы аяқталады. Бұл 35 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде айтты.

«Ақсай негізгі су көзінің құрылысы аяқталғанға дейін Ақжар шағын ауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін осы жылдың наурыз айында біз Алатау даңғылының бойынан магистралды су құбыры мен каскадты насос станциясының құрылысын бастадық. Бұл жобаны биыл маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді ол.
Сонымен қатар, қазір Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы сияқты 4 шағын аудандарда сумен қамту және кәріз желілерін жобалау жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың соңына дейін 335 км сумен қамту және кәріз желілері салынады. Бұл Наурызбай ауданының тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамту мәселесін шешеді.
Сонымен бірге Наурызбай ауданында 56 қосалқы станция жаңғыртылады.

Жеті шағын ауданда трансформаторлық подстанцияларды жөнделіп, ауыстырылып, электр желілері жөнделеді. 21 жаңа қосалқы станция орнатылады, сонымен бірге 114,5 км электр желілері мен 35 трансформаторлық подстанция жаңғыртылады.

Жаңғырту Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарын қамтиды. Бұл электрмен тұрақты қамтамасыз етуге және авариялық жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс мамыр айының соңында басталып, жыл соңында аяқталады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі