jasqazaq.kz

Алматыны жасыл желекке айналдыру қалай жүзеге асырылады?

14 маусым 2023, 15:20

Ағаш көбейсін!

Алматы қаласындағы жасыл желек таза оттегін бөліп, көмір қышқыл газын өзіне сіңіріп алатын қасиетке ие екені мәлім. Қазір жаз мезгілі, аңқаңды кептірер аптап ыстықта мәуелі бәйтеректің көлеңкесі жаныңа сая. Самалдық есіп, рахатқа бөлейді. Қаланың экологиялық тепе-теңдігі бұзылмауына орасан сеп болып тұрған ағаштары қалай күтімге алынады? Өсіру әдісі, күтіп-баптау жұмыстары қалай жүргізіледі?
Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаевпен сұхбаттасып, қоршаған ортаны қорғау мәселесі төңірегінде сауалдарымызға жауап алдық.

– Өзіміз күнде көріп жүрген соң, алғашқы сауалды содан қояйын, Алатау ауданындағы орманды алқапқа биыл қанша түп ағаш көшеті егілді?

– 2023 жылы Алатау ауданында 15 мың түп ағаш көшеті отырғызылды.
Оның барлығы Нұркент, және Зерделі, Универсиада шағын ауданы, 13 парк «ALA», Саялы шағын аудандарының аумақтарында егілді.

– Жасыл желекті күтіп баптау жұмыстары қалай жүргізіледі, топырағын қопсыту, суару, қураған бұтақтарын кесу сынды жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылатын болар?

– Әсем қаланың жасыл қорын сақтау және сауықтыру мақсатында 8 аудан аумағында мамандандырылған ұйымдардың күшімен механикаландырылған және қол әдісімен жасыл екпелерді жапырақ жейтін және соратын зиянкестерден биологиялық өңдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Жасыл желектерді ағаш зиянкестерінен және саңырауқұлақ ауруларынан биопрепараттармен өңдеу кезінде және өңдеу басталар алдында 5-7 күн ішінде зиянкестердің даму фенологиясына, олардың әртүрлі зиянкестерден таралуына фитосанитарлық мониторинг жүргізілді. Жасыл желектерді өңдеу күнделікті сағат 23:00-ден 5:30-ға дейін, 4 кезеңде іске асырылады.

Өңдеу биологиялық және кейбір жағдайларда елді мекендер аумағында қолдануға рұқсат етілген қауіптілігі төмен (П-4) химиялық препараттармен жүргізілетінін атап өткен жөн. Мысалы, «Битоксибациллин», «Актарофит» микробиологиялық препараты қолданылды. Бұл препараттың ерекшелігі – «тірі» композиция, құрамында токсиндер жоқ, ал оның белсенді заты — ақуыз кристалдары және микроб споралары (Bacillusthuringiensisvar. Thuringiensis) және авермектин саңырауқұлақтары. Бұл препарат адамға, аралар мен жан-жануарға, құстар мен балықтар үшін қауіпсіз, зиянды емес.
Бүгінгі таңда Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми институтының қызметкерлерінің қатысуымен қаланың жасыл қорына мониторинг жүргізілді. Бұл зиянкестер 2019 жылы «Қырғызстан» аумағынан енгізілген зиянкестердің инвазиялық түрлері ретінде қала аумағында тіркелген. Мамандандырылған ұйымдар көрсетілген зиянкестерден жасыл желектерді (емен тұқымдарын) өңдеу бойынша жұмыс жүргізді. Жиі жауған жауын-шашын уақтылы өңдеуді қиындатады, Мұндай ауа-райында жұмыстың қарқындылығы да азаяды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасып келе жатыр, учаскелер басқарманың бақылауында болады. Аудандық әкімдіктерде суаруды арықтар мен өзендерден қоректендірілетін 131 суару машинасы және 79 мотопомпасы бар 20 мердігерлік ұйым жүзеге асырады және де 20-дан астам ұңғыма бар.
Жасыл екпелерді суару үшін саябақтарда, скверлерде, жасыл аймақтарда, бөлу жолақтарында, көлік айрықтарында орнатылған суару жүйелері, арық желілері мен суару-жуу машиналары мен мотопомпалар пайдаланылады. Ыстық кезеңде суару күн сайын кесте бойынша кешкі, түнгі және таңертеңгі уақытта сағат 19:00-ден 11:00-ге дейін күшейтілген режимде жүзеге асырылады

– Алматы аудандарының жасыл желегіне айналатын орманды алқаптарында қандай ағаш түрлері өсіріледі?

— Қаланың сегіз ауданындағы алқаптарда қарағаш, терек, қайың, алма ағашы, қарағай, арша, үйеңкі, өрік секілді ағаш түрлері өсіріледі.

– Көктемгі және күзгі көшет егу жұмыстары жалпыхалықтық сипатта өткізіле ме? Қандай акциялар ұйымдастырылады?

– «Жасыл аула» науқаны аясында қала тұрғындарымен бірлесе отырып, ағаш отырғызу жұмыстары жыл сайын қарқынды жүргізіледі. Қала тұрғындарына 2638 ағаш көшеттері беріледі. Биыл көктемде тұрғындар шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайың көшеттерін екті. Науқанға қатысушылар акцияға ағаш отырғызу үшін ғана қатыспайды. Оларға отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау жұмыстары жүктеледі.

Жалпы ағаш отырғызу маусымы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Күзде де ағаш отырғызамыз. Мәселен, биыл күзде 300 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланды. Ағаш көшеттерінің басым көпшілігі Алатау және Наурызбай аудандарында отырғызылады. Жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде «Жасыл аула» акциясының аясында алматылықтар өз қаласын жасыл желекке айналдыру ісіне белсенді түрде қатысып келе жатқаны қуантады. Мұның барлығы да қоршаған ортамызды қорғап, экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жүзеге асырылатын жұмыс деп айтуға болады.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхабаттасқан Қуаныш Рахмет

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее