jasqazaq.kz

Алматылықтан 2,5 келі гашиш тәркіленді

29 қараша 2023, 15:44


Полицейлер 48 жастағы алматылық тұрғыннан 2,5 келіден астам гашиш тәркіледі.

«Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасы жойылды. Арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. 48 жастағы Т.есімді азамат ұсталды, оны жеке тінту барысында ішінде ерекше иісі шығып тұрған жасыл түсті ұнтақ заты бар сөмке табылып, тәркіленді. Ол – гашиш есірткісі болып шықты. Бұл арнайы сараптамадан кейін анықталды. Ал күдіктінің тұрғылықты жерінен «Бүркіт» қызметтік ізкесуші иті осыған ұқсас зат салынған 19 буманы тапты. Тәркіленген шөптің жалпы салмағы 2 келі 609 граммды құрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі