jasqazaq.kz

Алматылық судья пара алды деген күдікке ілінді

30 қазан 2024, 17:54

Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты растады.

Tengrinews.kz жазғандай, бұған дейін желіде 22 қазанда Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакцияның ресми сауалына берген жауабында судьяның пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

«Сұрауда көрсетілген адамға қатысты ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 («Пара алу») және 190 («Алаяқтық») баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», — деп жауап берді ҰҚК.

Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде