jasqazaq.kz

Алматылық полицейлер төртінші қабаттан секірмек болған адамды құтқарды

10 мамыр 2023, 11:12

Алматы қаласының полицейлері өз өмірін қимақ болған ер адамды құтқарды. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Наурызбай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз ер адам төрт қабатты үйдің шатырында өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Буран-263 патрульдік экипажы бірнеше минутта оқиға орнында болды.

«Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын мас күйінде әйелімен жанжалдасып қалған, сол себепті ол алдымен өзіне пышақ салмақ болған. Қаннан қорыққан ол қараусыз қалған ғимаратқа барып, шатырдан секіруге бел буған. Іс материалдары жергілікті учаскелік инспекторға тапсырылды, ол бірінші кезекте ер адамның отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеріп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген мән-жайларды анықтайды»,- деді департаменттің баспасөз қызметі. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі