jasqazaq.kz

Алматылық ардагерлер 1,5 миллион теңгеден сыйақы алады

27 сәуiр 2023, 14:03

Алматы қаласында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 58 ардагер тұрады. Бүгін Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Е.Досаевқа «соғыс ардагерлеріне қандай материалдық көмек көрсетіледі?» деген сауал қойылды.

«9 мамыр — бәріміз үшін қасиетті мереке. Ия, өкінішке орай, ардагерлер қатары жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады. Мен олардың барлығы өз мерекелерін аман-есен қарсы алғанын қалаймын және біз оларды жыл сайын құттықтап келеміз. Көмек туралы — қаражат қарастырылған, біз әрбір ардагерге бір миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден беру үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым. Біздің ардагерлерге қаланың барлық ауданында құрмет көрсетіледі. Біз бұл мерекеге ерекше дайындалып, үлкен назар аударамыз. Мерекеге өзі қатыса алмайтын ардагерлерге жеке көңіл бөлеміз – аудан әкімдерімен бірге мен өзім олардың әрқайсысына барып, Жеңіс күнімен жеке құттықтп шығамын», – деді Е.Досаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі