jasqazaq.kz

Алматылық әйел бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асырап отыр (Видео)

24 маусым 2025, 10:46

Көршінің кесірінен сасық иіске уланып отыр. Алматыда жалғызбасты әйел бір бөлмелі пәтерде қоян асырап, маңайының мазасын қашырған. Қоян болғанда да біреу емес, бақандай — 139-ын. Қораға айналған пәтерде тазалық, әрине, атымен жоқ. Жұрт есік-терезені ашпақ түгіл, аулада еркін тыныстаудан қалыпты. Үш жылғы арпалыс үлкен айқайдан соң ғана аяқталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сасық иіске тұншыққан, ашуға булыққан жұрттың жалғызбасты көрші әйелге өкпесі қара қазандай. Үш жылдан бері аядай жерге қоян бағады. Сәйкесінше, тазалық атаулы мүлдем жоқ. Соның салдарынан ауланы сасық иіс басып қалған.

Сәуле Нұртазина, көршісі:

— Тазалық жоқ. Бәріміз ауырып жатырмыз. Мен өзім аллергия болдым. Жоғарғыда тұратындар астмамен ауырады. Балалар түгел ауру. Үш жылдан бері бәріміз ауырып қалдық. Үш жыл бойы сөйлестік. Бізден қашады. Есігін ашпайды.

Гүлмира Дүйсебаева, көршісі

— Аша алмаймыз, кіре алмаймыз. Сондай жағдайға жеттік. Кеше учасккелік полицейді өзі шақырған екен, кілті жоғалып. Біз ол джақта 15-30 қоян бар десек, екі тотықұсын қосқанда, өлгендеріне қарағанда, 139 қоян болған.

Мүңкіген иісті айтып көршілердің арызданып бармаған жері жоқ. Осы уақытта қоян басы артпаса, азаймаған. Сорақысы — қояндармен бірге оның өлексесі де үйдің ішінде жатыр. Шығарылмаған қоқыс өз алдына. Ақыры іске полицейлер араласып, қоян да әкетілді, жүйке жүйесінде ақауы бар иесі де ауруханаға жөнелтілді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

— Оқиға орнына барғанда аталған пәтерде үй жануарларының көп мөлшерде және тиісті талаптарға сай келмейтін жағдайда ұсталып жатқаны белгілі болды. Бұл жағдай санитария-эпидемиология қаупіне қатер төндірген. Әкімдік, медициналық қызмет өкілдері және еріктілердің қатысуымен кешенді жұмыс жүргізілді, пәтер иесі медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Қояндар әкетілгенімен, иіс қалды. Енді арнайы мамандар алдағы уақытта пәтерге санитарлық тазарту жұмысын жүргізбек.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы