jasqazaq.kz

Алматыдағы метро бекеттері «Шұғыла» және «Төле би» деп аталуы мүмкін

16 маусым 2023, 15:25


Алматыда ашылатын екі жаңа метро бекеті «Шұғыла» және «Төле би» деп аталуы мүмкін. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет мәлімдеді.
Айтуынша, метро бекеті құрылысының жобасына техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін жаңа бекеттерге атау беру қажеттілігі туындап отыр.
«Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағын ауданы Алатау даңғылының бойындағы №1 бекетті ономастикалық тәжірибеге сүйене отырып, жолаушылардың бағдар алуына ыңғайлы болуы үшін «Шұғыла» деп атау ұсынылып отыр. Ал, Алатау даңғылымен ұзартылатын Төле би көшесінің қиылысында болатын №2 бекетке «Төле би» атауын беру ұсынылып отыр», — деді ол.
Спикердің сөзінше, бұл ұсынысты Алматы қаласы ономастика комиссиясы құптаған. Қала басшылығы тарапынан да қолдау тапқан. Енді Алматы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімімен ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Комиссия келісім берсе, Алматы әкімдігінің қаулысымен шешім қабылданады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі