jasqazaq.kz

Алматыдағы «Астана» — «Челси» матчы: әкімдік тегін трансфер ұсынады

10 желтоқсан 2024, 14:14

football-stadiums.ru

football-stadiums.ru

12 желтоқсан күні Алматыдағы Орталық стадионда «Астана» мен «Челси» командалары арасында УЕФА Конференциялар лигасының матчы өтеді. Билеттерді алдын ала Zakazbiletov.kz сервисінде сатып алу ұсынылады. Атаулы билеттер матч күні электронды поштаға жіберіледі. Жанкүйерлер стадионға сағат 18:00-ден бастап бастайды, кіре берісте әр адамның билеті мен жеке басы тексеріледі.

Кептелісті болдырмау үшін әкімдік қаланың түрлі нүктесінен 8 тегін трансфер ұйымдастырады (әр маршрутта 10 автобус). Орындарды 2GIS сервисі арқылы табуға болады. Автобустар 16:00-дан бастап адам толғанына қарай жүре бастайды.


Кептелістердің алдын алу үшін 12 желтоқсанда сағат 18:30-дан 00: 00-ге дейін Абай даңғылында (Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін) қозғалыс шектеліп, Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін) толығымен жабылып, жақын маңдағы көшелерде полиция нарядтары қойылады.
Ауа райы салқын (шамамен -11°C), сондықтан жылы киініп шығуды ұмытпаңыз. Термосты алып кіруге болмайды, стадион ішінде ыстық сусындар сататын сауда орындары бар. Стадион маңында 60 биотуалет орнатылады, соның ішінде мүгедектерге арналғаны да бар.
Алматы әкімдігі бағытты алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі