jasqazaq.kz

Алматыда жолдың шұңқырын жылдам жамату үшін Алагөзова болу керек пе?

05 қыркүйек 2024, 17:29

Алматыны бір аралап өтсең, ой-шұңқырының ұшығына жете алмай қаласың.  Шет жақты былай қойғанда, орталық көшелердің өзі тақтайдай түзу емес.  Таяуда Баян Алагөзова Алматыдағы сондай бас көшелердің бірінде жүріп өтіп, Медеу ауданының әкімдігіне арнап бейнежазба жариялады.

Продюсер: «Бас көшедегі мына шұңқырға кім жауап береді? Мен және әріптестерім қашанғы осы жолда мәшинесін құртады?» — деп шаһардың шенеуніктерін жерден алып, жерге салды.

Ойпырмай, әншейінде көрмейтін, естімейтін әкімқаралардың реакциясы жылдам болды. Бір топ жұмысшы жетіп келіп, тез арада шұңқырды жамап тастапты. «Менің сөзіме құлақ асты! Тағы қай көшеде жүрсем екен?» — деп Баян мәз.

Tengrinews.kz жазғандай, Алматы қаласы кеңістіктерді дамыту басқармасы: «Медеу ауданы әкімдігі  жарияланымда көрсетілген ескерту бойынша  мердігер мекемелер тарапынан кемшіліктер жойылды. Атап айтқанда, 1 қыркүйекте Төлебаев пен Бөгенбай батыр көшелері қиылысындағы кәріз қақпағының айналасына асфальт төселді. Сондай-ақ «Алматы Жарық компаниясы» АҚ мердігер мекемесінің күшімен қазылған жер тегістелді», — деп  жауап беріпті.

Наргүл Мырзахмет  

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі