jasqazaq.kz

Алматыда жолақы 120 теңгеге өсуі мүмкін

19 сәуiр 2017, 14:14

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру үшін сараланған тариф енгізілуі мүмкін. «Көлік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі Парламент Мәжілісінде бекітілген. Құжат қазір сенаторлардың қарауына жіберіліпті. 

«Оңай» картасы бар азаматтарға уайымдаудың қажеті жоқ, олар үшін жол ақысы сол баяғыша 80 теңге болып қала бермек. Ал қолма-қол ақша төлейтіндер үшін билет құны 120 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Жаңа тариф сондай-ақ, бір реттік жол ақысын төлеп, бірнеше бағытқа тегін қатынайтындарға қатысты болмақ.

«Бізде қазір жолақы төлеудің 2-ақ түрі бар. 80 теңгеден карточка аласыз немесе сіз пенсионер, оқушы болсаңыз, жеңілдетілген 1 айлық жол жүру билетін аласыз. Енді қазір қоғамдық көлікті жиі қолданбайтын болсаңыз, 10-50 рет жол жүруге карточка аласыз, 1 жылдың ішінде 10-ақ рет жүрсеңіз, бұл карточка сізге 1 жылға жетеді. 1 айдан кейін күйіп кетпейді»,- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.

Тағы бір жаңашылдық – қоғамдық көлікке аз мінетіндер бірнеше рет жол жүру картасына қол жеткізе алады. Демек, айына 5-6 рет автобусқа мінетін болсаңыз, соған сәйкес карта сатып аласыз. Жолаушылар мұндай өзгерістерді жақсы қабылдады. Олардың айтуынша, бұл қолма-қол ақша төлеп, жүргізушіні мазалайтындар қатарын азайтуға ықпал етеді.

Осылайша, қала билігі тұрғындардың «Оңай» картасын көптеп қолдануына септігін тигізбек. Демек, бұл жүйе екі тарапқа да тиімді — жолаушылар қосымша 40 теңге төлемейді, ал тасымалдаушылар көлеңкелі табыстарын жасыра алмайды. Жаңа тарифтің нақ қашан енгізілетіні әзірге белгісіз. Baq.kz хабарлағандай, құжат толық мақұлданғаннан кейін, өзгертулер мен толықтыруларды жергілікті мәслихат бекітетін болады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде