jasqazaq.kz

Алматыда жоғалған 18 жастағы қыз Тараздан табылды

17 мамыр 2017, 12:55

Алматыда тіс дәрігеріне кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен Зере Машарипова Тараздан табылды. Айта кетейік, ол — қала маңындағы Райымбек ауылының 18 жастағы тұрғыны.

Полицейлердің мәліметінше, қыздың есімі негізінде Зернеш Серікбаева, жасы 17-де. Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында тұрады. 17 сәуірде із-түссіз жоғалып кеткен. Туыстарының бір ай бойы жүргізген іздестіру шаралары нәтижесіз болғандықтан қыздың ата-анасы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтардан көмек сұраған еді. Сондай-ақ, олар 15 мамырда аудандық полицияға арыз қалдырған болатын. «Жоғалып кеткен қызды іздестіру жұмыстарына Қарасай ауданының полицейлері мен облыстағы іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері жұмылды. Зейнеш Серікбаеваның суреттері өңірлік бөлімшелердің барлық полицейіне, сондай-ақ, Жамбыл облысына жіберілді», — деді ІІД өкілдері. Қыздың осыған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалып жүргені анықталды. Зейнеш Серікбаева кезекті рет үйінен кеткен соң бір ай бойы Алматыда болған. Ол осы уақытқа дейін Алматыдағы автожуулардың бірінде жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Таразға туған әпкесіне кетіп қалған. Оны Тараздан полицейлер тапты. Зейнеш Серікбаева қазіргі уақытта ата-анасына қайтарылды. Полиция оқиғаның мән-жайын және қыздың үйінен неліктен кетіп қалып жүргенін анықтап жатыр.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде