jasqazaq.kz

Алматыда жер сілкінді. Тұрғындар далада жүр

23 қантар 2024, 1:19

Алматыда жер сілкінісі қатты сезілгеннен кейін тұрғындар дүрлігіп, далаға шығып кетті.

Алматыда жер сілкінісі екі рет сезілді. Бүкіл қалада дүрбелең басталды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Кейбір мәліметтерге қарағанда жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында болды.
Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.
Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.
Тұрғындар қатты дүрлігіп кетті. Тіпті көліктеріне мініп, қаладан шығып жатқандар бар.
Журналист Диас Нұрақын Facebook-те: «Алматыда дүрбелең басталды. Елдің бәрі бір жаққа кетіп жатыр. Май құю бекеттерінде иін тірескен» деп жазды.
Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев тұрғындарды сабырға шақырған бейнежазба жариялады. «Арнайы құлақтандыруға дейін үйден шығып, қауіпсіз жерде жүріңдер», — деді ол.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі