jasqazaq.kz

Алматыда ЖЭО-2 құрылысы биыл жазда басталады

21 сәуiр 2023, 15:20

«Биыл Алматы қаласында ЖЭО-2 жаңа газ станциясын жобалау және салу бойынша мердігер компания белгілі болады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго» басшысы Серік Түйтебаев «Самұрық-Қазына» қоры қоғамдық кеңесінің отырысында айтты», – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Электр энергетикалық холдинг басшысының айтуынша, ашық халықаралық тендердің бірінші кезеңі барысында 6 өтінім келіп түсті. Оның ішінде екінші, қорытынды кезеңге 2 компания өткен.

«Тендердің жеңімпазы осы жылдың екінші тоқсанында анықталады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың тамызына болжанып отыр»,- деді С.Түйтебаев.
Бұған дейін Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру үшін 324 млрд теңге жұмсалатыны туралы жазылған болатын. Алматының 2-ші жылу электр орталығын газға көшіру жұмыстары 2026 жылы толыққанды аяқталады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі