jasqazaq.kz

Алматыда жасыл желектерді өңдеу басталды

14 сәуiр 2023, 11:00

Бүгін, 14 сәуірде қалада жасыл желектерді зиянкестерден өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады. Алматы әкімдігі хабарлағандай бұл ағаштарды сақтау және олардың зиянды микроазғаларға төзімділігін арттыру үшін жүргізіледі.
Биыл бірінші кезеңде емендер төрт рет, теректер екі рет өңделеді.


Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары 2,3 млн астам ағашты қамтиды. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүргізіледі.


Өңдеу үшін қауіптілігі төмен биологиялық препарат қолданылады. Ол қоршаған ортаға, адамға, үй жануарларына, құстарға, жәндіктерге зиян келтірмейді.
Жасыл желектерді өңдеу төрт кезеңге бөлінді:
14 сәуірден 20 мамырға дейін;
30 мамырдан 30 маусымға дейін;
10 шілдеден 10 тамызға дейін;
20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі