jasqazaq.kz

Саясат Нұрбек: Алматыда жанжал шығарған 6 үндістандық студент депортацияланады

08 қантар 2025, 14:54

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда төбелес шығарған үндістандық студенттерге қатысты түсініктеме берді.

Министрдің айтуынша, жанжалға үндістандық студенттер ғана қатысқан. Осы іске қатысты Алматы полиция департаменті тергеу жүргізіп жатқан көрінеді.

Саясат Нұрбек: «Тергеу нәтижесін күтеміз. Үндістан елшілігімен тікелей байланыстамын, елшімен де сөйлестім. Олармен бірлесіп, төбелеске қатысқан студенттерді депортациялау туралы шешім қабылдадық. Бұл біздің ішкі позициямыз. Жақында Президентіміз «Ана тілі» газетіне сұхбат берді. Кез келген шетелден келген азаматтар өз елінде қалай заң сақтаса, Қазақстанда да солай қатаң заң сақтауға міндетті. Сондықтан тергеу шешімі қандай болса да, біз Үндістан елшілігімен бірлесіп, 6 студентті депортациялаймыз» — деді.

Еске салсақ, жаңа жылды мерекелеу кезінде Алматыдағы кафенің бірінде шетелдік студенттердің бір-бірімен төбелескені туралы ақпарат шыққан болатын.

JQ-Aqparat

Сурет: бейнежазбадан кадр

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі