jasqazaq.kz

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

31 қантар 2025, 17:32

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды jasqazaq. kz. 
Кеше Чернышевский көшесіндегі үйдің ауласынан нәресте табылған еді. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Ауруханаға жатқызылған нәрестенің жағдайы ауыр.
Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
JQ-Aqparat

Сурет: polisia.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі