jasqazaq.kz

Алматыда жаңа газ құбыры салынып жатыр

13 маусым 2024, 17:43

Наурызбай ауданында ұзындығы 6,7 км жоғары қысымды жаңа магистральдық газ құбыры салынып жатыр. Қала басшысы Ерболат Досаев құрылыстың жұмыс барысымен танысты.

Жаңа газ желісі жеке жеткізуші қызмет көрсеткен қалаға қосылған аумақ тұрғындарының көп жылдық мәселесін шешеді. Соның нәтижесінде мыңдаған тұрғын тұрақты газбен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда «Alma City» ТҮК-де 168 м құбыр, Алатау даңғылында 825 м, Сабденов көшесінде 96 м тесу әдісімен газ құбыры тартылған.

Ерболат Досаев шамадан тыс жүктеме мен іркілістерді болдырмау үшін ауданның құрылысы мен болашақ дамуын ескере отырып, инфрақұрылым құрылысының маңызын атады.

«Alma City», «Елім-ай 4» ТҮК, «Елисей алаңдары» КҚ сынды жаңа құрылыстың 3 мың тұрғыны тұрақты газбен қамтылады.
Құрылыс осы жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарланған.
Алматыда газ тарту деңгейі 99,4%.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі