jasqazaq.kz

Алматыда жаңа аллея ашылды

08 сәуiр 2023, 13:35

Бүгін Алматыда микроқаржы ұйымдарының бастамасымен жаңа аллея бой көтерді. Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы (ҚМҰҚ) компания өкілдерімен және журналистермен бірлесіп ағаш отырғызды. Іс-шара микроқаржылық нарықта ESG қағидаттарын дамыту мен оларды енгізу бағдарламасының шеңберінде жүзеге асты.


Жасыл аллея Алматыдағы Әшімов көшесінің аймағында пайда болады. Қатысушылар бірлесе отырып, жүзге жуық декоротивті алма ағашын отырғызу арқылы қаланы көгалдандыруға және экологияны жақсартуға елеулі үлесін қосты. Отырғызылған декоративтік алма ағаштары ауданның көрнекі әшекейі ғана болмайды. Ғылыми зерттеулерге сәйкес осы ағаштың жемісі құстар үшін қорек болып табылады, олар жел мен аязға төзімді, зиянды газды тиімді сіңіреді және оттекті бөледі. Осылайша көміртектік іздердің азаюына ықпал етеді.


«Барлығымыз Алматының экологиялық және табиғи проблемалары туралы жақсы білеміз. Сол себептен біз жауапты қала тұрғындары ретінде қаланың бейнесін сақтауға тырысамыз. Алайда қазіргі таңда экологиялық жағдайды жақсарту қарапайым халыққа ғана емес, мемлекетке қарасты үлкен сұрақ. Бұл бизнес өкілдеріне де тиесілі үлкен жауапкершілік. Біздің ағаштарды отырғызу бойынша акциямызбен МҚҰ өзіне міндеттемелерді қабылдап, қоғамға пайда әкелетін және қала ортасын жақсартатын экологиялық бастамашыл жобаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін айтқымыз келеді», — деді ҚМҰҚ директоры Ербол Омарханов.
ESG дамыту бағдарламасы компаниялар мен бизнестің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы тұрақты дамуын білдіреді. Қазіргі таңда ESG қағидаттарын ұстану кәсіпорындарға инвестициялық тартымдылығын табиғатқа деген жауапты қарым-қатынас, әлеуметтік жауапкершілік пен бизнесті ашық жүргізу есебінен арттыруға мүмкіндік береді.
Секторды дамыту стратегиясының шеңберінде қазақстандық МҚҰ ұйымдар қызметінің барлық салаларына қатысты тұрақты, оның ішінде экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуының негізгі компоненттерін қолдануға дайын екендігін дәлелдейді. Аталған барлық іс-шаралар қоғам мен мемлекет тарапынан нарыққа деген сенімді арттыруға бағытталған.
Ұйымдастырылатын акцияны қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуды қалайтын және бизнесті әлеуметтік тұрғыда жауапты жүргізу қағидасын ұстанатын ассоциацияның барлық белсенді қатысушылары қолдады.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата