jasqazaq.kz

Алматыда «жабайы таксиге» қарсы күрес басталды

24 тамыз 2016, 23:20

Снимок

Алматы билігі қала көшелеріндегі «жабайы таксилермен» күресті бастады. Қалалық кірістер департаменті тұрғындардан заңсыз тасымалдаушылар туралы хабар берулерін сұрайды. Осылайша көпшіліктің көмегімен салық көлемін ұлғайтып, қызмет сапасын арттырамыз дейді.
Дәл осылай ешқандай патенті жоқ, заңсыз таксиге отырған кез келген жолаушы мемлекеттік кірістер департаментіне шағым түсіре алады. Демек, қала көшелерінде адам тасымалдаумен айналысатын көлік иелері бұдан былай салық төлеуге міндетті.

Алайда такси жүргізушілері бұл жаңалықты аса құптамайды. «Еріккеннен көше кезіп, адам тасып жүрген жоқпыз, тапқан табыс тек күнкөріске жетеді» деген олар бұл қадамды бюджет жыртығын жамаудың амалы санайды. Тіпті, жүргізушілер патент алып, салық төлеуден де қашпайды. Ол үшін өз шарттары бар.

АСЫЛБЕК ТАСТАНБЕКОВ, Такси жүргізушісі:

— Налогтан, өкіметтен қашып тұрған жоқпын. Бірақ өкімет бізге неге келмейді? Мына жерге знак қойып тастады, міне. Вокзалдың жанына тоқтауға болмайды. Сонда адамды қайдан тиейміз? Интернеттен іздейміз бе?

АРДАҚ ӘДІЛОВ, Жүргізуші:

— Жұмыс тауып берсін. Жұмыс істейді ғой. Бәрі бала-шаға деп таксовать етіп жүр. Не істейді енді? Жұмыс жоқ. 20-30 мың теңге айлыққа кім істейді, мысалы?

Патент алған такси жүргізушісі ай сайын немесе бір жылға салық төлейді. Жүргізушілердің алаңдайтыны көрсетілген табыс көлемін орындай алмасақ, көлік бұзылып қалса қайтеміз деген уайым. Ал бастамаға білек сыбана кіріскен Мемлекеттік кірістер департаменті заң бұзғандарға қандай жаза болатынын айтпады.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

— Біз қоғам мүшелеріне қатты үміт артып отырмыз. Солардың шағымы бойынша жүргізушіні салық төлеуге мәжбүрлейміз. Қазірдің өзінде көлік иелері есепке тұруға ниетті. Табыс көлемін көлік иесі өзі белгілейді. Ал тұрғындардан шағымдар күнделікті түсіп жатыр.

Алғашқы нысандар әуежай, теміржол вокзалы сияқты халық көп шоғырланатын орындар екен. Тасымалдаушылар заң алдында жауап бермес үшін арнайы патент алып, табыстың 3 пайызын салық ретінде төлеуі керек. Мемлекеттік кірістер департаментінің «жабайы тасымалдаушылардан» өзге заңсыз тамақтану орындары мен пәтерді жалға берушілерге де назары түсті. Демек, алдағы уақытта алматылықтар мен қала қонақтары үшін жүріп-тұру мен арзан тамақтану, пәтер жалдау бағалары қымбаттауы мүмкін.

31.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде