
Алматыда BMW маркалы автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды. Автокөлік Райымбек даңғылымен батыс бағытта жүріп бара жатқан.
Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Соның салдарынан сол жылдамдықпен жолдың ортасын бөліп тұратын қорғанға соғысқан. Автокөліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.
