jasqazaq.kz

Алматыда Земфираның концерті өтпейтін болды

18 маусым 2025, 18:24

Ресейде «иноагент» мәртебесін иеленген Земфира Рамазанованың Алматыдағы концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, әу бастан ұйымдастыру жұмыстары қиынға соққан. Келіссөз төрт айға созылып, концерт алаңы ауыстырылған. Ақыр соңында «Хан Тенгри» стадионына жауапты ректор рұқсат бермепті.
«Мен үшін афиша қасиетті, сондықтан түсінбеймін… Өкінішті. Қазақстан, мен әрекет жасап көрдім. Соңғы кездесуден қалған жағымсыз әсерден арылып, әдемі қоштасқым келген» деп жазды әнші.
Осыдан екі жыл бұрын Алматы мен Астанада өнер көрсеткен Земфира кетерде шулатып кеткен. Басқасын айтпағанда, әлеуметтік желіде Қазақстанды кішкентай әріппен жазып, мұқатқаны жұрттың ашуына тиген. Бірақ кейін қайтып келетіні есіне түсті ме екен, соңынан кешірім сұрап тынды.
«Су ішетін құдыққа түкірме» деген халық даналығы осындайда еске түседі.

Jas Qazaq
Сурет:: Instagram/zemfiralive

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы