jasqazaq.kz

Алматыда заңсыз пиротехникалық өнім тәркіленді

23 желтоқсан 2023, 11:16


Алматыда заңсыз сатылып жатқан 400 келіден астам пиротехникалық өнім тәркіленді.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, екі базарда жүргізілген тексеру барысында сертификатсыз, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатудың 9 дерегі анықталды.
«ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін заңсыз бөлшек сауданы ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы (Тыйым салынған немесе шектелген тауарларды немесе басқа заттарды заңсыз саудалау) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. 400 келіден астам сертификаты жоқ пиротехникалық өнім тәркіленді. Базар әкімшіліктеріне құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті тапсырмалар берілді», – дейді Алматы қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Айдос Құсайынов.
Жаңа жылды тойлау қарсаңында Алматы полициясы, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң түрде сақтауға және тұрғындардан сертификатталған пиротехникалық бұйымдарды арнайы бөлінген орындардан сатып алуға кеңес берді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі