Алматыда ер адамды айуандықпен өлтіріп, дене мүшелерін қоқыс жәшігіне тастап кеткен күдіктілер Байқоңыр қаласынан ұсталды. Ауыр қылмыс жасаған екі азамат іле-шала Алматыдан ізін суытып, мемлекет шекарасынан өтіп кетуге әрекет жасапты.
Күдіктілер 1993 және 1994 жылдары туған Шығыс Қазақстан облысы мен Павлодар қаласының тумалары болып шықты. Арнайы жедел-тергеу тобы күдікті екі жігіт марқұм болған азаматпен өзара кикілжіңге келгеннен кейін зұлымдыққа барғанын анықтап отыр. 14 қыркүйек күні күдікті азаматтардың бірінің туыстары полицияға оның із-түзсіз жоғалғаны туралы айтып хабар салған. Қазір қылмысқа қатысты делінген екі жігітті тәртіп сақшылары Байқоңырдан Алматыға алып келе жатыр.