jasqazaq.kz

Алматыда үйінде қарасора өсірген күдікті ұсталды

04 қазан 2024, 12:17

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды. Полиция қызметкерлері үйін жылыжайға айналдырып, қарасора өсірген күдіктіні ұстады.

Есірткі зертханасы Әуезов ауданының жеке секторында орналасқан. Криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны арнайы іс-шара барысында анықтады.

– Қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырған 36 жастағы ер адам ұсталды. Атап айтқанда, жылыжай қызметін атқарған үйден 270 түп қарасора, 3 бөшке иісі бар сұйықтық, 3 қап тыңайтқыш, 17 қышқыл ерітіндісі, тамақ таразысы, 23 жарықтандыру шамы және т.б. зертханалық құрал-жабдықтар табылды. “Технолог” қылмыстық әрекетін мойындады. Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері есірткіні өндіруге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды, сондай-ақ оны тарату арнасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі