jasqazaq.kz

Алматыдағы жол апатынан 12 адам зардап шекті (видео)

18 сәуiр 2017, 17:38

Алматы-Қаскелең бағытында жүретін жолаушылар микроавтобусы жүк көлігімен соғысты.

Жол-көлік оқиғасы Алматы-Бішкек тас жолында болған. Алматы облыстық ІІД мәліметінше Reno маркалы жүк көлігі батыстан шығысқа қарай кетіп бара жатқан, жолаушылар мінген «ГАЗель» микроавтобусы Алматыдан келе жатып, Қаскелеңге бұрылмақшы болған. Сол жерде жол апаты болған. Полиция бөлімшесіне сағат 14:00-дер шамасында хабар түскен. «Жол апатының салдарынан бес адам зардап шекті, олар жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Барлығы жолаушылар. Қаза тапқандар жоқ. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалды», — деді Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендерді Қарасай аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтыланған мәліметі бойынша зардап шеккендердің саны 12-ге жеткен. «Жедел жәрдем тоғыз адамды алып келді. Қаза тапқандар жоқ. Олардың бесеуі бала — екеуі жансақтау бөлімінде, ал үшеуі травматология бөліміне жатқызылды. Тағы үшеуін жеке көлікпен жеткізді. Жалпы зардап шеккендер саны — 12 адам», — деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

https://youtu.be/tALymQwT9c0

https://youtu.be/bVfRbVj2ck4

Tengrinews.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде