jasqazaq.kz

Алматыдағы жаппай төбелес жас жігіттің өмірін қиды (видео)

17 қараша 2016, 17:08

 

photo_31614Алматыда асфальт-битум зауытының маңында болған жаппай төбелестің куәгерлері іздестіріліп жатыр, сол төбелесте 22 жастағы жігіт қаза болған. Руслан Әлімбаевтың айтуынша, оқиға 11 қарашада түс мезгілінде Бөкейханов көшесінде болған. Бір нұсқа бойынша, жігітті ұрып, жүк көлігінің астына итеріп жіберген.

Tengrinews.kz хабарлағандай «түс кезінде ол әріптестерімен мешітке баратын болған. Жарты жолда оның қасындағы бір жігіт олдардан кездесуге баруды сұраған. Ол көліктен шығып, сөйлесуге жалғыз барған. Бір кезде екінші жақтан тағы адамдар қосылып, жанжал шыққан. Көлікте отырған жігіттердің барлығы (оның ішінде менің інім де бар) шығып, ажыратуға көшкен. Біздің мәліметімізше, ол ажыратып жатқан уақытта оны ұрып-соғып, жүк көлігінің астына итеріп жіберген», — деді Әлімбаев.

3b0101ee637b310c79214a9e782d0936

Кейін куәгерлердің бірі осы оқиғаны видеоға түсіріп алғаны белгілі болды. «Видеожазбада ЗИЛ көлігінің өтіп бара жатқанын байқауға болады, алайда менің інім оның шет жағында жатыр. ЗИЛ ары қарай кеткен уақытта інімнің танысы Нұрболды басқа жаққа апарған. Жүк көлігінің жүргізушісі де ештеңе білмейді, ештеңе сезбедім дейді. Әзірше дым да түсініксіз. Қазір біз сараптама қорытындысын күтіп отырмыз, шамамен ол бір айға созылады екен», — деді ер адам.  Оқиғаның қандай да бір мәліметін білетін куәгерлер болса, мына нөмірлерге хабарласу сұралды: 8 701 600 0822, 8 708 252 1983 және 8 707 322 27 57 Руслан.  Нұрбол Мұқанов. Туыстары жолдаған сурет  Сонымен қатар, Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта іс материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеулердің біріңғай реестріне тіркелген. Жігіттің нақты неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама қорытындысы анықтайтын болады. Ұсталғандар туралы мәлімет жоқ.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=QPY78BKqItY

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде