jasqazaq.kz

Алматыдағы студия жабылмайды

24 мамыр 2016, 15:39

1

«Жас қазақ» газетіне түсініктеме берген «Қазақ радиосының» бас директоры Мақат Садық радионың Алматыдағы студиясы жабылмайтынын мәлімдеді. Ол: «Алматыдағы біздің радионы қысқарту туралы сөз болған жоқ. Ешкімнің қолына қысқарту туралы қағаз берілген жоқ. Бірақ «Қазақ радиосы» Астанаға көшіп келді. Алматыдағы филиал кезінде резервтік студия болды. Қазір резервтік студияны Астанадан жасадық. Кез келген әлемдік радиостанциялардың барлығы бір жерден хабар таратады. Ал «Қазақ радиосы» мемлекеттік радио болғандықтан Астанадан шығуы керек. Қазір біз бір сағаттық эфирді Алматыға беріп отырмыз. Өйткені Алматы – еліміздің мәдени, рухани орталығы. Алматыдағы бір сағаттық эфиріміз сол бұрынғыша қала береді» деп түсіндірді.

Аталған радионың Алматыдағы бюросында жұмыс істейтін бір топ қызметкер Астанадағы «ҚазМедиа» мекемесіне жал ақы үшін қыруар қаражат төленіп жатқанын айтып, құзырлы министрлік басшысына хат жазған еді. Біздің газеттің: «Бұл хаттағы айтылған мәселе қаншалықты рас?» деген сауалына Мақат Садық: «Кешегі тараған Одақ көлемінде, Шығыс Еуропа елдерінде біздің Астанадағы «ҚазМедиа» сияқты ғимарат жоқ. Бұл соңғы заманауи техникамен жабдықталған ғимарат. Біз соңғы техника жетістігімен эфирге шығып жатырмыз. Теледидар да, радио да алдағы 10 жылда осындай техникамен ешкімнен қорықпай, эфирге шыға береді. Техника өте жоғары сапалы. Біз соны пайдаланып, мықты журналистерді жинап, елордамыздан еліміздің саясатын, экономикасын және т.б. жаңалықтарын халыққа жеткізуді өзіміздің борышымыз деп білемін» деп жауап қайтарды.

 

Төлен Тілеубай

Астана

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде