
Алматыда сүрілетін тұтас үйі мен жеріне өтемақы ретінде 181 мың теңге ұсынды. Мұны естіген қала тұрғыны Күлдана Игенбаева шошып кетті.
Оның айтуынша, жетінші наурызда ескерту қағазы келген. Онда 181 мың теңге деп анық жазылған. Ол бастапқыда бұл соманы 1 шаршы метрге берілген ақша екен деп ойлапты. Кейінірек бұл қаржының үйіне берілетін өтемақы екенін біледі.
Осыдан 20 жыл бұрын Күлдана ол үйді 181 мың теңгеге алған. Заң бойынша жылжымайтын мүліктің құны өтемақы ретінде беріледі. Тек бірнеше күннен кейін ғана ол үйінің қазіргі бағасын даулай алатынын білді. Нәтижесінде оған 9 млн теңге үәде етті. Алайда Күлдана бұл бағамен де келіспейді. Себебі қазір бұл ақшамен үй ала алмайтыны белгілі.
Айта кетейік, Алматыда жол айрығы салынатын аумақтағы үйлердің тұрғындары әкімдік ұсынған өтемақыға келіспей, шу шығарғанын бұдан бұрын хабарлағанбыз.
Өтемақыға келгенде келеңсіздіктер туындауда. КТК арнасы хабарлағандай, оларға ұсынылып отырған өтемақының көлемі өте аз. Ал соған қарамастан тұрғындардан үйді тезірек босатуды талап етуде. Сейфуллин мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айрығының құрылысы жыл басында басталған болатын. Шенеуніктер тұрғындардан үйлерін босатуды сұрайды.