
Бүгін Алмалы және Медеу аудандарындағы екі пәтерден бірнеше оқ ататын қару, оқ-дәрі, төрт РГД-5 гранатасы, сондай-ақ 5 миллион теңге табылды деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.
Ішкі істер органына күдікті бес адам жеткізілді. Осыған қатысты тергеу жұмыстары басталды.