jasqazaq.kz

Алматыдағы атыс: Тәртіп сақшылары мен бейбіт тұрғын мерт болды

18 шiлде 2016, 16:56

DSC_1725

«Жас қазаққа» мәлім болған ресми емес ақпаратқа қарағанда, белгісіз адамдар Алматы қаласындағы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына автоматтан оқ жаудырған. Адам шығыны жоқ. Алайда дәл осындай жағдай қаладағы Төлеби мен Абылай хан даңғылының қиылысқан жерінде де орны алды.

Оқиғаға куә болғандардың айтуларына қарағанда, бірнеше полиция қызметкері қаза болған. Бір полицейді «Жедел жәрдем» қызметі алып кеткен. Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесі аралығында іркес-тіркес соқтығыса тоқтаған екі автокөліктің біреуі полиция көлігі. Көліктің айналасы қып-қызыл қан. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы кеңсесіне таяу маңда апатқа ұшыраған бірнеше шетелдік автокөлік тұр. «Қаланың бірнеше аумағынан әлі де болса дүрсін-дүрсін суық қару дауысы шығып жатыр. Қалаға жақын маңдағы Өтеген батыр кенті мен «Жұлдыз» ықшамауданында да жоғарыдағыдай оқиға орын алған» деген ақпаратты «Жас қазақтың» ІІД-дегі ақпарат көзі жоққа шығарды.

— Қазіргі кезде оқыс оқиға орын алған аумақтарды жергілікті полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы толық бақылауға алған. Қаладағы бірнеше көшеде жаяу және автокөлік қозғалысына тыйым салынды. Ал осы кезде Антитеррорлық орталық Алматыдағы ІІАБ және ҰҚКД жасалған шабуылға байланысты ресми мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды «Жас қазақ» тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, 18.07.2016 жылғы сағат 12.20-дан бастап, Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.

«Бұл шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қазақсатн Республикасы Президентінің 2013 жылы 9 тамыздағы №611-ші Жарлығымен бекітілген, ақпараттарға мемлекеттік мониторинг жасау және лаңкестік қауіптіліктің туындауы туралы тұрғындарды хабардар ету жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша қабылданды» — делінген ҰҚК-нің сайтында.
DSC_1739
АЛ ОСЫ КЕЗДЕ…
Алматыдағы атыс кезінде бейбіт тұрғын қаза тапты, — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

«Қылмыскерді қуу кезінде оның «Боран» полиция экипажынан ұрлап алған қаруы болған. Соның салдарынан патрульді экипаждың екі қызметкері оқ жарақатын алды. Кейінірек «Қазақконцерт» АҚ аумағында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның кім екені анықталды», — деді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

«Өкінішке қарай, осыған дейін қылмыскер қала тұрғының жеңіл көлігін тартып алмақ болған. Көлік жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, ауруханаға барар жолда үш полиция қызметкері көз жұмды», — деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Ресми мәліметке жүгінсек, қолға түскен күдікті Қызылорда облысының 27 жастағы тұрғыны. Бұрын сотталған. Оның демалыс күндері бір әйелді өлтіргені мәлім болды.

Айта кетейік, полиция ұсталған қылмыскердің сыбайласын іздестіруге бағыт-бағдар берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде