jasqazaq.kz

Алматыда түнгі клубта есірткі сатқан жігіт сотталды

18 маусым 2024, 10:57


Алматыда есірткі сатушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан мәлім еткендей, былтыр қыркүйек айында тәртіп сақшылары ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігітті ұстаған.

«1996 жылы туған Р. есімді азамат түнгі клубқа келушінің атын жамылып, есірткі таратумен айналысқан. Ұсталған кезде, оны тінту барысында құрамында синтетикалық заты бар, ашық түсті, ұнтақ түріндегі байлам табылды. Шөп тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді», — деп атап өтті Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан.

Полициядан атап өткендей, сот үкімімен 28 жастағы Р. есімді азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 6-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі