jasqazaq.kz

Алматыда теракт жасады деген қылмыскер себебін айтты

28 шiлде 2016, 16:53

fb37a110-befc-4954-9d35-bb32e90289e7

Алматыда теракт жасады деген күдікті Руслан Күлекбаев қолына қару алғызған жайттар туралы айтып берді, деп жазады «Время» газеті.

 

«Расында, мен судьялар, прокурорлар мен полицейлерден кек алғым келді – маған кесілген жаза әділ емес. Алдымен Алмалы аудандық сотына бардым, бірақ форма киген ешкімді кездестірмедім. Ол жерден Алмалы АІІБ-ге жеттім де, посттан шыға салған адамды аттым. Сосын өзге полицейлерді аттым… Мен формадағы адамдарға оқ аттым – қарапайым адамдарға тиіспедім. Жезөкшенің өлімін айтар болсам, мен оған және өзге жезөкшелерге істерінің харам екенін бірнеше рет ескерткем. Әсіресе қасиетті Рамазан айында. Жезөкшелік үшін Алланың қаһарына ұшырайсыңдар деп едім, олар тыңдамады. Сосын мен оны атып тастадым», — дейді күдікті.

Қаруды – Макаров тапаншасы мен шолақ мылтықты – ер адам тауып алған-мыс. Оның сөзіне қарағанда, қай жерден тауып алғаны есінде жоқ. Қаруларды полицейлер тексерген – екі қару да еш жерде тіркелмеген, ешқандай қылмысқа қатысы жоқ. Күлекбаевтың сөзінше, ол пейнтбол арқасында атуды жақсы меңгерген.

«Бұрындары кикбокспен кәсіби түрде айналысқам және облыстық жарыстарға баратынмын, тек, бірінші орын иеленген емеспін. Әскерде болғаным жоқ, бірақ аңшылыққа қызығатынмын, оның үстіне пейнтболды жиі ойнайтынмын», — дейді ол.

Естеріңізге салсақ, Алматыдағы теракт кезінде бес адам мерт болды. Олардың үшеуі полицей, бірі шегара қызметкері және қарапайым тұрғын. 18 шілде күні сағат 11:00 шамасында қылмыскер Алмалы ауданы ІІД-не шабуыл жасады. Полицейді жаралап, қаруды иеленіп шығып кеткен. Кейін ол «Қазақконцерт» АҚ маңынан ұсталды.

Күдіктіге қатысты «Адмам өлтіру», «Хабар тарату және байланыс мекемесіне шабуыл немесе басып алу», «Билік өкіліне қарсы күш қолдану» айыптары бойынша тергеу басталды. ҚР ІІМ ақпараты бойынша, Руслан Күлекбаев 2010 және 2012 жылы екі рет сотталған. Сұрау алу кезінде ол түрмеде өткізген жылдары үшін полицейлерден кек алуды ойлаған. Алматы ІІД-ден хабарлағандай, күдікті жалғыз әрекет еткен.

today.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде