jasqazaq.kz

Алматыда танымал тұлғалар референдумды қолдап дауыс беріп жатыр

06 қазан 2024, 17:11

Бүгін алматылықтар АЭС құрылысын талқылайтын референдумда белсенді түрде дауыс беруде. Сайлау учаскелерінен ғалымдарды, жазушыларды, актерлерді, музыканттарды және еліміздің басқа да танымал тұлғаларды көруге байқауға болады. Кейбір учаскелерде тіпті, кезек пайда болған.

Танымал тарихшы және қоғам қайраткері Әшірбек Көпішев де сырт қалмай, референдумда төбе көрсетіп, дауыс берді.

«Бүгін біз осы референдумға қатысу арқылы мемлекетіміздің болашағын шешуге мүмкіндік аламыз. Бұл еліміз үшін маңызды қадам, мен қуана дауыс бердім», — деді Әшірбек Көпішев.

Бүгінгі дауыс беруге халық артисі Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Алтынбек Қоразбаев және тү.б. танымал тұлғалар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр, сағат 14:00-ге дейін 51,77% қазақстандық дауыс берген. Алматы тұрғындары 20:00-ге дейін өз сайлау учаскелеріне келе алады.

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі