jasqazaq.kz

Алматыда тағы 211 заңсыз сауда нысаны бұзылды

11 ақпан 2025, 10:40

Алматыда мемлекеттік қордың жерінде орналасқан рұқсатсыз салынған сауда орындары мен стационарлық емес сауда нысандарын бұзу жұмыстары жалғасып жатыр.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған комиссия шешімімен 211 заңсыз сауда орны (102 дүңгіршек және 109 күш өлшегіш) бұзылып, 270 кәсіпкерге ескерту хат берілді.

Айта кету керек, қызмет түріне қарамастан, барлық заңсыз сауда нысаны бұзылып жатыр. Әсіресе, көше тағамдарын сататын орындар ерекше назарға алынды.

– Заңсыз дүңгіршектер көбінесе арықтардың үстіне қойылады, санитарлық норма сақталмаған, дәретхана жоқ. Олар мектептердің, балалар жүретін орындардың жанында орналасқан. Кейін тамақтан улануы мүмкін , — дейді қала тұрғыны Евгений Богачев.

Қаланың мәслихат депутаты, көріктендіру мәселелерімен белсенді айналысып жүрген Тимур Елеусізов бұзылған сауда орындарының барлығы электр желілеріне заңсыз қосылғанын, бұл қаланың инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіретінін атап өтті.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі