jasqazaq.kz

Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды

06 мамыр 2025, 13:50

Бүгін Алматының Бас ботаникалық бағында Tabiğat Labs білім беру бағдарламасының жаңа маусымы ресми түрде ашылды. Іс-шара табиғатқа бейжай қарамайтын қала тұрғындарын, экология жанашырларын, сарапшылар мен оқушыларды біріктірді. Биыл бағдарлама қала ағаштарының рөлі мен маңыздылығына арналып отыр. Жаңа маусымның ашылуы Сиверс алма ағашының гүлдеуімен тұспа-тұс келіп, ерекше символдық мәнге ие болды.

Бағдарлама барысында «Шеврон» компаниясының корпоративтік істер жөніндегі меңгерушісі Еркін Зікібаев компанияның бұл жобаны үшінші жыл қатарынан қолдап отырғанын атап өтті:

“Шеврон” компаниясы “Tabigat Labs” жобасының демеушісі. Қазақ елінің азаматтарына экологиямыздың, планетамыздың алдындағы жауапкершілігін сезінуі үшін жасалады. Балаларға, студенттерге осылай білім беру үшін қолға алынған жоба. “Шеврон” компаниясы 33 жыл бойы елде мұнай өндірумен айналысып қана қоймай, осындай әлеуметтік жобаларды да қолдайды. Бұл біздің басты жауапкершіліктеріміздің бірі ретінде қарастырамыз”.
Бағдарламаның ашылуына актриса және тележүргізуші Айнұр Ілиясова да қатысты. Ол қызы Дәрия Рамазанның экологиялық IT жобасын қолдауға келіпті:
“Қызым Алматының алма бақтарын қорғауға арналған жоба әзірледі. Оны “Ботаникалық бақпен” бірлесіп іске асырамыз. Көптеген алма ағаштары кесіліп, үйлер соғылып кетті. Енді барын қорғау керек. Бұл жобада ойын арқылы балаларға білім береміз. Медиатұлғалар арасында экологияны қорғауға бағытталған клуб болмаса да, мұндай жобаларды қолдау қажет деп санаймын”.

Шара аясында Tabiğat Labs бағдарламасының жаңа маусымы таныстырылып, түрлі дәрістер мен кітап тұсаукесері өтті. Қатысушыларға биолог Гауһар Мұқан мен этнограф Ғалия Файзулина арнайы дәріс оқыды. Сонымен қатар Tentek books баспасынан жарық көрген жас жазушы Әсет Сыздықовтың «Алма ағаштарының ертегілері» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Кеш соңында қатысушылар Сиверс алма ағашы гүлдеп тұрған аймаққа жабық экскурсияға қатысып, табиғатпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Ал солтүстік кіреберіс павильонында тақырыптық көрме күні бойы жұмыс істеді.

Tabiğat Labs жобасы 2023 жылдан бері іске асып келеді. Оны Бас ботаникалық бақ, Fading TSE, Act for Impact, Tentek books және Urban Forum Kazakhstan ұйымдары жүзеге асырып отыр. Дәстүрлі түрде бастаманы «Шеврон» компаниясы қолдайды. Жоба аясында экологиялық білім беру, қалалық бастамаларды таныстыру, жастар мен ересектерге арналған дәрістер мен шаралар ұйымдастырылады.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі