jasqazaq.kz

Алматыда тұрғындарды алдағандар 10 млн теңге төлейді

28 қыркүйек 2016, 22:14

fd63a842f50bed5400afa4d109230c38_l

Алматыда халықты алдаған 70-тен астам кәсіпорынға 10 млн 600 мың теңге айыппұл салынды. Тауар өндірушілер таразыдан жеп, өлшеуіш құралдарды өз пайдасына өзгертіп келген.
Мұндай қитұрқылыққа барғандар көбінесе азық-түлік, тұрмыстық химия және гигиеналық заттар өндірумен айналысатын отандық компаниялар болып шықты. Мәселен, сауда орындарында кейбір тауарлардың сыртында көрсетілген салмағы 55 грамға дейін жетіспейтіні анықталған. Одан өзге, 6 жанармай құю бекетіне айыппұл салынды. Онда өлшеуіш құралдары санды дұрыс көрсетпейтін болып шықты. Жалпы, қаладағы 104 кәсіпорынға тексеру жүргізілген. Нәтижесінде оның тек 30%-ының заң аясында жұмыс істегені анықталды. Ал, тұрғындарды алдап келгендерге 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Гүлназ Халықова, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қ. бойынша департамент басшысы: — Мұндай кәсіпорындар қазір тауарларын сауда нүктелерінен қайтарып алуда. Енді кәсіпорындар өз өнімдерін қайта шығарып, салмағында жетіспеушілігі бар тауарларды жоюға міндеттелді. Біздің тарапымыздан кәсіпкерлерге 30 күн берілді. Барлығын өз бақылауымызды ұстап отырмыз.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде