jasqazaq.kz

Алматыда «Senat Open 2025» турнирі өтті

18 мамыр 2025, 17:24

Бүгін Алматыда шахмат әуесқойларын бір арнаға тоғыстырған «Senat Open 2025» турнирінің II ашық кубогы өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен ұйымдастырылған бұл сайысқа 124 қатысушы жиналды.

 

Турнирге мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ардагерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтті.

Қазақстан Шахмат Федерациясының Президенті Тимур Турлов бұл шараның маңыздылығын атап өтті:
«Бүгін шахмат тарихында маңызды күн. Мұнда түрлі сала мамандары бақ сынайды. Барлығына сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін. Бұл тек шахмат ойыны емес, бұл — зейінді арттырудың, ойлау қабілетін дамытудың, бірлік пен пікір алмасудың алаңы. Турнир алты ай бойы еліміздің әр аймағында өтті. Бұл — Мәулен Әшімбаев мырзаның бастамасымен жүзеге асып жатқан маңызды жоба», — деді ол.

«Senat Open» турнирі — қоғамдағы түрлі сала өкілдерінің шахмат ойыны арқылы өзара тәжірибе алмасып, зияткерлік әлеуетін шыңдайтын бірегей алаң. Екі жыл қатарынан сәтті өтіп келе жатқан дода алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын таппақ.

Олжас Әбдіхалық

Суреттерді түсірген автор

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі