jasqazaq.kz

Алматыда Сафар Шәкеевті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр

29 шiлде 2016, 11:14

Бүгін Алматыда қала жұртшылығы белгілі қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің 25 жастағы ұлы Сафар Шәкеевті ақтық сапарға шығарып салуға жиналды.

«Қазақконцерт» залында өткен қаралы жиынға белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, өнер жұлдыздары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, сондай-ақ Сафар Шәкеевтің достары мен әріптестері, оны іздеу шараларына қатысқан волонтерлер, қарапайым қала тұрғындары келіп, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтуда.

«Қазақконцерт» залы халыққа лық толды десе де болады. Сафардың достары мен әріптестері үстеріне Сафардың бейнесі салынған жейде киіп келді.

«Сафар өмірді шексіз сүйтін менің аяулы да мейірімді досым еді. Ол мені кезінде Алматыға жұмысқа шақырған. Жұмыс барысында біз достасып кеттік. Біз мейірімді, аяулы досымыздан айрылып отырмыз. Ол өмірді, ата-анасын, туған-туыстарын, достарын керемет жақсы көрді. Ол режиссер болатын. Киноиндустрия саласында алдына қойған жоспарлары көп еді. Біз Сафарды мәңгі есте сақтау үшін енді бірқатар шараларды жүзеге асырамыз. Біз 11 күн бойы волонтерлар қатарында болып, іздеу шараларына қатыстық. Үмітіміз зор еді. Амал қанша, өкініштен өзегіміз өртенеді. Сафардың асыл бейнесі жадымызда мәңгіге сақталады», — деді Сафардың досы Рүстем Төреғалиев.

Сафар Шәкеев Кеңсай-2 зиратына Батырхан Шүкеновтің қасына жерленеді.

 

2016072909480420160729094750ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде