jasqazaq.kz

Алматыда ұрылардан құралған банда қолға түсті

01 маусым 2017, 11:55

Көліктерден бағалы заттар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында ұсталды.

Ұрылар 31 мамырда даңғылдың Қожанов көшесімен қиылысқан тұсында ұстау мүмкін болған. Ұстауға Медеу аудандық ІІБ қызметкерлерінен тұратын мобильдік топ қатысқан. Полицейлердің айтуынша, 1986-1987 жылғы үш ер адам бірнеше рет тонаумен айналысты деген күдікке ілінген. «Ұсталғандар ірі бизнес-орталықтарының автотұрақтарында күндізгі уақытта жүріп, көлік терезесін сындырып, бағалы заттарды алып кетіп жүрген. 31 мамырда мобильдік топ кеңсе ғимаратының маңында бақылау жүргізу барысында күдікті адамдарды байқап, оларды аңди бастады. Күдіктілердің көлігі әл-Фараби даңғылында тұсауға түсті. Ұсталғанлардың бірі Алматы ауданында мүлікке қатысты қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған», — деп хабарлады ведомстводағылар. Куәгердің суреті Полициядағылардың айтуынша, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. «Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде. Олардың Алматыда не істеп, немен айналысып жүргені анықталады», — деді ІІД өкілдері.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде