jasqazaq.kz

Алматыда полиция қарақшылар тобын құрықтады

03 сәуiр 2025, 10:57

Алматыда полиция қарақшылар тобын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда арнайы іс-шара барысында қарақшылық шабуыл жасаған төрт күдікті ұсталды. Олардың ең кішісі — 1999 жылы туған, үлкені — 1974 жылғы. Қазіргі таңда Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Криминалдық полицияның мәліметінше, соңғы қылмыс кезінде қаскөйлер Сыпатаев көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғынына шабуыл жасаған. Қаруға ұқсас затпен қорқытып, күш қолданып, жәбірленушінің ақшасын, ноутбугін және алтын бұйымдарын иемденген. — Ұстау кезінде күдіктілердің көлігінен екі газ-травматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың қалада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, қосымша тергеу амалдары жүргізілуде, — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев. Полицейлер топтың қылмыстық әрекетінің ықтимал қосымша эпизодтарын анықтау бойынша жедел іс-шараларды жалғастыруда.

Фото: Polisia.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі