jasqazaq.kz

Алматыда полиция 45 млн теңгеден астам қаражатты айналдырған дропперлерді ұстады

16 маусым 2025, 10:44

Алматыда полицейлер интернет-алаяқтық әрекеттері бойынша жүргізілген арнайы операция нәтижесінде 45 млн теңгеден астам қаражатты айналдырған дропперлерді ұстады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталғандардың бірі – елімізге қылмыстық мақсатпен келген шетел азаматы. Тергеу барысында анықталғандай, бұл адамдар алаяқтық жолмен азаматтардың банк карталарынан ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан.

Күдіктілер көлеңкелі интернет-арналардағы кураторлардың тапсырмаларын орындап, банкоматтардан ірі көлемде ақша шешіп, оның белгілі бір пайызын сыйақы ретінде алып отырған. Ізін жасыру үшін олар түрлі тәсілдерге, соның ішінде сыртқы келбеттерін өзгертуге дейін барған. Құқық қорғаушылар қылмыстық әрекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін тәркілеп үлгерді. Тергеу барысында олардың өзге де қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, қысқа мерзім ішінде күдіктілер 45 млн теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

— Полиция киберқылмысқа қатысты қылмыстық тізбектерді жүйелі түрде әшкерелеп, жолын кесіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Тағы бір ескертеріміз – ешқашан жеке деректеріңізді, банк картасының кодтарын бейтаныс адамдарға бермеңіз. Олар өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырса да, мұндай ақпаратты айту қауіпті. Егер сіз алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз, – деді Алматы қалалық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды