jasqazaq.kz

Алматыда пәтерден алаяқтыққа арналған 285 SIM карта табылды

20 қараша 2024, 15:10

Алматыда «Киберпол» қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен арнайы іс-шара жүргізді.

Мегаполистегі тұрғын үй кешендерінің біріндегі жалдамалы пәтерде автоматты телефон станициясын (АТС) ұйымдастырған 26 жастағы ер адам ұсталды. Ол шетелдік алаяқтардың қазақстандықтарға қоңырау шалуына мүмкіндік беретін құрылғыны қосып отырған.

«Үйді тінту кезінде 32 SIM-карта слоты бар SIM-қорап жабдығы, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 дана SIM карта табылды. Бұл жабдықты интернет-алаяқтар анонимді түрде әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады. Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM карталарды ауыстырудан тұратын „жұмысты“ интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізілуде. Ұсталған азамат қамауға алынды», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі