jasqazaq.kz

Алматыда пәтер тонап жүрген бір топ адам ұсталды

30 мамыр 2017, 9:58

Алматыда пәтер тонап жүрген бір топ адам ұсталды. Олар Шығыс Қазақстан облысының тумасы.

Алатау аудандық ІІБ жедел уәкілдері қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасындағы қызметкерлермен біріге отырып, Алматыда пәтер тонап жүрген бір топ адамды ұстады. «Соңғы үш айда Алатау ауданындағы пәтерлер мен үйлер тоналған. Барлық жағдайда қылмыскерлердің әрекеті ұқсас болған: олар терезе арқылы үйге кіріп, құнды заттар мен ақшаны ұрлап жүрген», — деді полициядағылар. 23-28 жас аралығындағы күдіктілер жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы орталығында жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. Олар сол жақта тұрып жатқан. «Ұсталғандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданынан. Қазіргі уақытта олардың 30 дерекке қатысы бар екені расталды. Күдіктілер кінәсін мойындап отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. Қазіргі уақытта полиция олардың Алматы қаласында болған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде